ШҚО аңшылары биыл 320 қасқыр атып алды

2471

ШҚО аңшылары биыл 320 қасқыр атып алды

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар әлемін қорғау бөлімі берген мәліметке сүйенсек, жыл сайын аймағымыздағы жыртқыш аңдардың санын реттеу бойынша шаралар жүргізіледі. Биыл 320 қасқыр атып алынған екен, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыс бойынша жалпы қасқырдың саны – 1038. Бұл – 2017 жылы тіркелген көрсеткіш. Соңғы үш жылда қасқырдың саны тұрақты, 1200-ден аспаған. ҚР білім және ғылыми министрлігінің Зоология Институтының ұсысына сәйкес, жалпы популяциядан 50 пайызын атып алу қажет  екен.

Қасқыр аулауға жылдың кез келген мезгілінде шығуға болады. Оларды атып алудың бірнеше әдіс-тәсілдері де бар. Арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.

Қасқырды ату науқанында жергілікті бюджеттен жыл сайын сыйақы бөлініп отырады: ересек қасқыр үшін – 12000 теңге, бөлтірік үшін – 6000 теңге мөлшерінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу