Сапасыз қызмет көрсеткен ШҚО ауруханалары 296 млн теңгеден қағылды

1145

Облыста 127 аурухана мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетсе, олардың 62-сі жекеменшік.

Сапасыз қызмет көрсеткен ШҚО ауруханалары 296 млн теңгеден қағылды

Шығыс Қазақстан облысының ауруханалары сапасыз қызмет көрсеткендері үшін 300 млн теңге жуық ақшадан айырылып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Медициналық мекемелердің жұмысын тексерген сарапшылар бірқатар ереже бұзушылықты анықтапты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аймақтық филиалы биылғы жылдың 9 айында жергілікті ауруханалар жалпы құны 62,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткенін айтады. Алайда, анықталған олқылықтарға байланысты мемлекеттен төленуге тиіс ақшаның 296 млн теңгесін ұстап қалған. Бұл сомманың 56 пайызы стационарлық және стационар алмастырушы көмек көрсету мекемелеріне қатысты болса, 30 млн емханалар мен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларға, 46 млн теңге ауылдық ауруханаларға берілуге тиіс болған.

Қор сарапшылары тексеріс барысында ауруханалардың кепілдендірілген медициналық көмек аясындағы қызметін ғана емес, сонымен қатар диагностика, емдеу және нәтиже протоколдарын қатаң ұстануын да бақылайды. Мамандар жиі кездескен ереже бұзушылықтар қатарында диагностика және емдеу стандарттарын орындамау, негізсіз ауруханаға жатқызу, көрсетілген медициналық қызметтің расталмауы мен құжаттарды дұрыс толтырмау секілді кемшіліктер барын мәлімдеп отыр.

Айта кету керек, облыста 127 аурухана мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетсе, олардың 62-сі жекеменшік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу