ШҚО бірнеше ауданында алапат өртпен күрес жалғасып жатыр

510

Дала өртінің аумағы 1300 гектарды құрап отыр.

ШҚО бірнеше ауданында алапат өртпен күрес жалғасып жатыр

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында дала өртінің аумағы 1300 гектарды құрап отыр.

Жақын орналасқан елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге барлығы 270-ке жуық адам мен 34 техника жұмылдырылған.

"Алтай ауданы "Зырян" орман шаруашылығы және "Быков" орманшылығын шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы 800 гектарға жетіп отыр. Суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған. Әуеден 12 тоннадан астам су төгілді. Бүгін өрт орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы мен Семей қаласындағы №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері көмекке келмек", - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде "Үлкен нарын" орман шаруашылығында бұта мен шөп жанып жатыр. Алдын ала дерек бойынша оттың жалпы ауданы – 1200 гектар. Тілсіз жаумен күреске 280-нен астам адам мен 24 техника тартылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу