Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы ұсталды

202

Жалпы, соңғы 3,5 жылда Агенттік 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы ұсталды Фото: Kazgazeta.kz

Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша "Қалбатау-Майқапшағай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.у.а. әшкереленді.

Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді.

Лауазымды тұлға мен Компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерін тек құқықтық негізде шешуге шақырады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу