"ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ басшысы әшкереленді, деп хабарланды Антикордан.
"ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 ж. аралығында қызмет мүддесіне қайшы, пайда табу мақсатында рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып түсетін (артық тиеумен) кенді тасымалдаумен айналысатын үлестес ЖШС-ны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. Бұл өз кезегінде бюджетке 65,5 млн теңге сомасында алымдар түспеуге әкеп соқты", – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ.