ШҚО-да 1,3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар

1854

Облысаралық бос орындар жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстанның жұмыспен қамту басқармасы түркістандықтарды жұмысқа шақырды.

ШҚО-да 1,3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар

Жәрмеңкеде өңірде 1366 бос жұмыс орны бары айтылды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына – 181, білім беру саласына – 343, ал ауыл шаруашылығына 77 маман керек, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Аймағымызға оңтүстік өңірлерден келіп қоныстанғандар жұмыспен қамтамасыз етіліп жатыр. Кейбірі жер алып, жеке шаруашылықпен де айналысуда. Сіздер де келіңіздер, жағдай жасалады", – деді облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев.

Аталмыш басқарманың мәліметіне сүйенсек, қалаға келуді қалайтын отбасының әр мүшесіне – 50 500 теңге, ал ауылға келуді қалайтын отбасының әр мүшесіне 37 875 теңгеден қаражат беріледі екен. Сондай-ақ оларға субсидиямен үй алуға да болады.

"Келемін деушілерге отын да, мал да беріледі", – деді басқарманың баспасөз қызметкері.

Айта кетейік, жәрмеңкеге Түркістан облысының екі мыңға жуық тұрғыны қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу