ШҚО-да 1,7 мың гектар алқап егіс егуге жарамай қалды

1083

ШҚО-да 1,7 мың гектар алқап егіс егуге жарамай қалды

Шығыс Қазақстанда 1700 гектар егістік алқабы күзгі дақылдар егуге жарамай қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған қыстың қарсыз әрі жайсыз болуы себеп. Салдарынан жалпы егіс алқабының бес пайызы құрдымға кеткен. Әсіресе Көкпекті ауданының диқандарына қиын болғалы тұр. Мұндағы мың гектар алқапты үсік шалыпты. Сондай-ақ Бородулиха, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы шаруалар егістік науқанына кірісе алмай отыр.

Өткен жылы өңірде 31 000 гектар аумаққа күздік бидай егілген болатын.

"Комиссия құрылып, ақшалары қайтарылады. Бастысы, шаруа қожалықтары сақтандару компанияларымен шартқа отырған болуға тиіс", - дейді облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әділет Төлеутаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу