ШҚО-да 1 тонна азық-түлік зертханалық тексеруден өткізілді

1002

"Біз 5833 сынама алдық. Тексеруден өткізілген өнімдердің барлық түрі сапаға сәйкес емес екені анықталып отыр", – дейді ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко.

ШҚО-да 1 тонна азық-түлік зертханалық тексеруден өткізілді

ШҚО-да азық-түліктің 289 сапасыз түрі анықталды. Осыған байланысты 170 сауда орнының қожайындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Шығыс Қазақстанға әкелінген азық-түліктердің ішінде еліміздің техникалық регламентіне сәйкес келмейтіндері жетерлік болып шықты. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне кезекті мониторинг барысында осындай тұжырымға келіп отыр.

Зертханалық тексеру өткізу үшін 527 сауда орнынан мамандар бір тонна азық-түлік сатып алған екен: ет, сүт, шырын, балық және шұжық тағамдары.

"Біз 5833 сынама алдық. Тексеруден өткізілген өнімдердің барлық түрі мәлімделген сапаға сәйкес емес екені анықталып отыр", – дейді ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко.

Мысалы, 4 % -дық сүт өнімдерінің майлығы үш пайыздан да төмен болып шыққан. Ал шырындардың құрамында нитраттардың мөлшері артық болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу