ШҚО-да 100 млрд теңгенің өрт сөндіру техникасы алынбақ

139

Биыл Шығыс Қазақстан облысы ормандарды өрттен қорғауға қажетті техникамен толық қамтылады.  

ШҚО-да 100 млрд теңгенің өрт сөндіру техникасы алынбақ Фото: gov.kz

Шығыс өңіріне барған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ұлан және Шемонаиха аудандарының орман қоры аумақтарын ұшып өтуден бастады.

Осы жылы Шығыс Қазақстан облысына бюджеттен тыс тартылатын қаржыландыру көлемі 100 млрд теңгеден асады. Оның ішінде 60 млрд теңге техника сатып алуға, 28 млрд теңге өртті ерте анықтау жүйесін енгізуге бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қалған 21 млрд теңге орман тұқымбақтарын дамытуға жұмсалады. Биыл ШҚО орман шаруашылығының қажеттіліктері үшін 47 автоцистерна, 43 трактор және орман өрттерін сөндіруге арналған 34 мобильді кешен сатып алу жоспарланып отыр. Техника орман шаруашылығы мекемелеріне лизинг арқылы беріледі. Ал 2025 жылы облыстың өртке қарсы қауіпсіздікке қажетті барлық техникамен қамтамасыз етілуі толық жүзеге асады, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Өрт қаупі жоғары маусымға дайындық аясында орман шаруашылықтарын жанғыш қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Биыл өңірде шамамен 16 млн түп ағаш отырғызу көзделген.

Сапар соңында ведомство басшысы орман және табиғат қорғау мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу