ШҚО-да 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

947

Былтырғы жылы 66 гектар жер қайтарылған.  

ШҚО-да 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұл туралы inbusiness.kz  облыстық жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Семейде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері сатып алынады.

"2021 жылы 12,37 мың гектар алқаптағы 17 жер учаскесін иеліктен шығару жоспарланып отыр", - дейді  облыстық жер қатынастары басқармасы.

Сонымен бірге, 2020 жылы, департаменттің мәліметі бойынша, Ново-Явленка ауылының жанындағы 28 тұрғын алабында жеке үйдің екінші кезеңін салу үшін үш учаске алынды. Осылайша, 65,9 гектар жер қайтарылды. 29,3 га учаскелердің бірі шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында берілгені атап өтілді.

Ал 2019 жылы ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жүзеге асырылмады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу