ШҚО-да 13 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

709

ШҚО-да 13 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Риддер бағытында бара жатқан рейстік автобус жыраға құлап кетті, деп хабарлады КазТаг. 
"26 желтоқсанда, ертеңгісін Өскемен-Риддер бағыты бойынша кетіп бара жатқан рейстік автобус жыраға құлап кетті. Алдын-ала ақпар бойынша, көлікте 13 адам бар", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.  
Дүйсенбі күні осы ауданда жауын-шашын жағдайына байланысты рейстік көліктің жүруіне тыйым салынған болатын, бірақ бүгін жол қызметі шектеуді алып тастады.  
"Қазір көмек көрсету үшін оқиға орнына медицина және апат орталығының тобы жіберілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.  
Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу