ШҚО-да 140 бас мал айып тұрағына қамалды

1308

Қараусыз жүрген мал түгелдей қамауға алынып жатыр. 

ШҚО-да 140 бас мал айып тұрағына қамалды Фото: sputniknews.kz

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында қараусыз жайылып жүрген 140 бас сиыр айып тұрағына қамалған. Қараша айының алғашқы күнінде Аблакет ауылдық округінің әкімдігі учаскелік полиция өкіліне Бестерек ауылының маңында жүздеген бас мал қараусыз жайылып жүргені туралы шағым түсірген. Полицейлер әкімдік өкілдерімен бірге 143 бас сиырды айып тұрағына қамаған.

"Қараусыз кеткен малдың иелері кейін анықталды. 11 азаматқа қатысты әкімшілік қаулы толтырылды. ШҚО бойынша қараусыз малды қамауға арналған 262 орын дайындалған. Жыл басынан бері мұндай "айып тұрақтарында" 5 мыңнан астам мал қамалған",– делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жыл басынан бері аталмыш облыста 230 бас мал ұрланған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 26%-ға аз. Полиция департаменті мұны "айып тұрақтарының" пайда болуымен түсіндіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу