ШҚО-да 1525 км локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті

683

 Локомотивтен өрт шыққан. 

ШҚО-да 1525 км локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаның орын алуына қатты соққан жел себеп болған көрінеді.

"2020 жылдың 25 тамызында 08 сағат 15 минутта Жақсыбұлақ станциясында (ШҚО, Аягөз ауданы) қатты желдің салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары өздігінен орындарынан қозғалып, келіп қалған №3471 жүк пойызына қарсы жылжи бастаған. Соқтығысу орын алды. Соқтығыс нәтижесінде 1525 км локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ",– деп жазылған "ҚТЖ" хабарламасында.

Оқиға орын алған жерге Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өртсөндіру пойыздары жөнелтілген. Орын алған жағдайдың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орынына арнайы комиссия жолға шыққан.

Оқиға салдарынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық" қатынасындағы №54 пойызы кестеден кешіккен.

"Аталған пойыз жолаушыларының жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жерлеріне жетуі үшін автобустармен тасымалдау ұйымдастырылуда",– дейді баспасөз қызметінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу