ШҚО Алтай ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған 60 пәтерлік үйдің 18 пәтері көпбалалы отбасыларға берілді. Бұл туралы өңір әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Қымбатты достар, бүгін жұмыс сапарымен Алтай ауданында болдым. Салтанатты түрде 18 көпбалалы отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс еттім", – деп жазды Даниал Ахметов.
Әкім жаңа қоныс иелерін құттықтап, әр отбасыға игілік, бақыт, қуаныш тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу