"Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтық фактілерін анықтауды жалғастыруда.
Мәселен, Риддер қаласында 2006 жылы Алтай өлкесінде азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының паспортын ресімдеген ер адам анықталды.
"Ресей азаматы бола тұра, ол тоғыз жыл Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген екен. Ол үшін ер адам ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Сонымен қатар Ұлан ауданында ер адам 2020 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, алайда полиция органдарына хабарламаған. Аталған факті бойынша ол сот шешімімен елден қуылды.
ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы тіркеу қажет екенін ескертеді.