banner

ШҚО-да 2 мың гектар жер өртенді

1113

5 күн жанған дала өрті кеше сөндірілді.

ШҚО-да 2 мың гектар жер өртенді

ШҚО-ның Абай ауданында құтқарушылар бес күн бойы өртпен арпалысты, деп хабарлайды altaynews.kz.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 24 қыркүйекте басталған. Таулы жерде құрғақ шөп өртенген.

Өрт сөндіру жұмыстарына облыстық ТЖД-нің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ, Ұлттық ұлан әскери бөлімінен, жергілікті атқарушы органдардан 242 адам және 29 техника жұмылдырылды.

2 мың гектар жерді шарпып үлгерген өрт кеше толық сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу