ШҚО-да 205 адамнан коронавирус анықталды

629

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

ШҚО-да 205 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 392 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Оның ішінде 205-і Шығыс Қазақстанда тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында 27 адамнан анықталса, Алматы қаласында – 18, Павлодар облысында – 23, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 20, Ақтөбе облысында 12 адамда індет расталған. Сондай-ақ Алматы облысында – 19, Атырау облысында – 12, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 8, Қарағанды облысында – 10, Қостанай облысы – 8, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 17, Түркістан облысында 5 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Осылайша, жалпы ел бойынша бүгінге дейін ауырғандар саны 111492-ге жетіп отыр.

Өткен тәулікте 128 адам індеттен емделіп шыққан. Осы күнге дейін індет жұқтырып, ем қабылдағандардың 106187-і дертінен сауықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу