Шығыс Қазақстан облысында 196 өкпені жасанды желтеу аппаратына қосымша 50 және 57 сандық рентген-аппаратына қосымша 10 аппарат сатып алынды. Бұл туралы online-брифинг барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Осыған дейін 175 оттегі концентраторға қосымша бүгін 30 келіп түссе, 17 шілдеген дейін 160, 1 тамызға дейін тағы 133 аппарат алынады. Сондай-ақ, 200 монитор, 200 инфузомат, 3 ЭКМО құрылғысы, 178 пульсоксиметр, 12 өкпені жасанды желдету аппараты (оның ішінде 2 данасы балаларға арналған), және 1 компьютерлік томограф сатып алынды", – деді басқарма басшысы.
Қазірдің облыста 15 компьютерлік томография әр аудан-қала бойынша тіркеліп, тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында қосымша 216 көлік сатып алу жоспарланған. Алғашқы 100 көлік қыркүйек айында қолданысқа берілмек.