"Шығыс Қазақстан бойынша ауылды жерде үй кезегінде тұрған 230 көпбалалы отбасыға салтанатты түрде баспана кілті табыс етілді. Мен Глубокое ауданына арнайы барып, баспаналы болған 13 отбасының қуанышына ортақтасып, құттықтадым",– деп жазды әлеуметтік парақшасында өңір әкімі Даниал Ахметов.
Әкімнің жазуынша, облыста 88 ауылдық округ пен 4 аудан орталығында арнайы комиссия құрылған. Құрамына қоғам өкілдері мен көпбалалы аналар кірген. Дәл осы жұмыс тобының мүшелері бюджеттен тыс қаражатқа үйлерді таңдау жұмысын жүргізіпті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу