ШҚО-да қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының тамақ өндіруші, саудалаушы орындарға жүргізген тексерулері кезінде жергілікті өнім өндірушілердің ішінде де денсаулыққа қауіп төндіретін азық-түлік өндіріп жатқан шағын кәсіпорындар белгілі болды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Биыл аймақтағы азық түлік сататын сауда орындарында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеген 26 тамақ өнімі (сынамасы) анықталған."Восток Бройлер", "Прииртышский бройлер" кәсіпорындарының мұздатылған құс еті бөліктерінен сальманелла табылған.
Жергілікті өндірушілер "Кондитер +", "ФирмаАлта" кәсіпорындары торттары, ЖК"Бейбітовтың" мұсылмандық фарштары, ЖК Чернышов, "Баян сұлу" АҚ, "Золотаязабава", "Смак ПВ" өнімдерінің, "ШинЛайн" балмұздақ өндірісі өнімдерінің, "Азия Холод" ЖШС, Ресейдің "Сытные" сосискілері, "Моцарелла Пицца" ірімшігі, өсімдік сары майы тағы да басқа отандық, жергілікті және шетелдік азық-түлік өнімдерінің құрамы, сапасы тиісті талаптарға сай болмай шыққан.
2018 жылы 3 519 азық -түлік сынамасы, 1 477 халық тұтынатын тауарлар сынамасы алынып, соның ішінде тамақ өнімдерінің 252 сынамасы, халық тұтынатын тауарлардың 271 сынамасы техникалық талап пен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмеген.
Сәйкес келмеген 523 тауар мен азық-түліктің 289 -ы импорттық өнімдер. Өткен он айда 956 мың 713 теңгенің 1 тоннадан астам өнімі: тамақ, аяқ киім, ойыншықтар тәркіленген.