Құтқарушылардың мәліметінше, пештің ысырмасы мерзімінен бұрын жабылып, жарықшақтар салдарынан көмірқышқыл газы Гребенкина көшесіндегі тұрғын үйге тараған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға салдарынан 2023 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды.
"Баланың ата-анасы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады ТЖД.
Ведомствоның мәліметінше, жылыту маусымында пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын жазатайым оқиғалар саны әдетте арта түседі.
ШҚО ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жылыту жүйелерінің жарамдылығын уақытылы тексеріп отыруға тағы да шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу