ШҚО-да 30 мың гектардан астам суармалы жер игерілмей жатыр

849

Бұл республикадағы ең төмен көрсеткіш.

ШҚО-да 30 мың гектардан астам суармалы жер игерілмей жатыр

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттен қыруар қаражат жұмсалып, қайта жаңартылған су қоймалары мен арналар тиімділігін көрсете алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Тиісті инфрақұрылымдар күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілсе де 30 мың гектардан астам суармалы жер әлі күнге игерілмей жатыр. Бұл республикадағы ең төмен көрсеткіш. Мәселен, Үржар ауданындағы Егінсу су қоймасын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 1 миллиард 723 миллион теңге жұмсалған. Жоспар бойынша 2700 гектар суармалы жер игерілу керек болса, бүгінгі күні айналымға тек 440 гектары ғана еніп отыр.

Су ресурстары комитетінің өкілдері аймақтағы өзекті мәселелерге арналған жиында тығырықтан шығудың жолдарын қарастырды.Болашақта аудан әкімдіктері мен шаруа қожалықтарының жауапкершіліктерін арттыратын жаңа құқықтық тетіктер енгізу  көзделіп отыр.

"Осы 4 жылдың көлемінде Шығыс Қазақстан облысына дерлік 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ал пайдаланылуға тиісті жердің 14-15 пайызы, ары кетсе 20 пайыздан аспайтын жер пайдаланылып, қалған 80 пайызы, 30 мың гектардан астам жер пайдаланылмай жатыр. Біз бірлесе, облыс әкімдікігімен бірлесе отырып, келесі жылғы егістік сезонына дейін бұл кемшіліктердің бәрін орнына келтіреміз деп ойлаймыз", - дейді ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.  .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу