ШҚО-да 30 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыстарын қайта жандандыруға өтініш берді

677

InfoKazakhstan сайты арқылы Қазақстан бойынша барлығы 260 мыңнан астам өтініш берілген.

ШҚО-да 30 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыстарын қайта жандандыруға өтініш берді

ШҚО-да 28 797 бизнес субъектісі InfoKazakhstan сайты арқылы жұмысын қайта жандандыруға өтініш білдірді.  Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан республика көлемінде 2-орында тұр, деп хабарлайды ​ШҚО ақпарат орталығы.

Бүгінде келіп түскен өтініштің 80% (23 575) астамы мақұлданыпты. Айта кетсек, сайт арқылы тіркеу уақыты белгісіз уақытқа дейін ұзартылған.

"Шығысқазақстандық кәсіпкерлер порталда белсенді түрде тіркеліп, жұмыстарын жандандыруда. Бізге портал бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері үнемі хабарласады. Бүгінгі күні ғана 387 қоңырау келіп түсті. Естеріңізге сала кетейін, портал туралы барлық ақпаратты фейсбук әлеуметтік желісіндегі "Бизнес в Усть-Каменогорске и Восточно-Казахстанской области" тобынан таба аласыздар. Сонымен қатар 1432 нөміріне қоңырау шалып немесе @infokazakhstan телеграм-боты арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады", – дейді ШҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Бақытжан Майжеринов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу