ШҚО-да 320 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқ ұсталды

605

ҚР Қылмыстық кодексіндегі 190-баптың 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

ШҚО-да 320 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқ ұсталды Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үлбі полиция бөліміне 33 жастағы ер адам шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, шілде айының басында танысы жүргізуші куәлігін тез ресімдей алатынына сендіріп, қызметі үшін 320 000 теңге сұраған. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, уәде етілген құжат қолына тимеген.

"Қылмыстық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін мойындады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған ақпаратта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу