ШҚО-да 4 адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

697

ШҚО-да 4 адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

Зырян ауданының Кремнюха ауылының маңында төрт балықшы мінген автомобиль мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрт ер адамның бірі - 43 жастағы азамат батып бара жатқан машинадан шыға алмаған.

"Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Учаскені тексергеннен кейін автомобиль мен балықшының денесін шығарып алу мүмкін немесе мүмкін емес екендігі белгілі болады", - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері.

ТЖ қызметтері балықшыларды су бассейндеріне барудан сақтануға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу