ШҚО-да 52 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

379

Ер адамға жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да 52 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды Фото: ​ Polisia.kz

Шығыс Қазақстандықтың айтуынша, ол 1970 жылы Өскемен қаласында туған. Оның ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болған, алайда өмірлік қиын жағдайда оларға да, оған да, яғни әр адамға ең маңызды құжатты алуға мүмкіндік бермеген. 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығына жататындығын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті. Енді маңызды қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік және медициналық қызметтерді алу рәсімдері жеңілдетіледі. 12 мамыр күні облыс тұрғыны куәлігін алды. 

2023 жылдың басынан бастап облыс аумағында 35-тен астам адам өз мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу