ШҚО-да 54 емхана жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге көшеді

507

Бірінші кезекте республикалық деңгейдегі мамандандырылған емханалар науқастарды қабылдай бастады. 

ШҚО-да 54 емхана жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге көшеді

Шығыс Қазақстан облысындағы емханалар жуық арада науқастарды жоспарлы түрде қабылдай бастайды, деп хабарлайды altaynews.kz.

"17 тамыздан бастап өңірдегі 54 медициналық ұйым науқастарды жоспарлы түрде қабылдай бастайды. Дегенмен медициналық көмек көрсету жоспары әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін", – деп мәлімдеді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.

Әбілов мырза айтқан тізімде "Ана мен бала орталығы", "Онкология және хирургия орталығы", "Ядролық медицина және онкология орталығы" сынды медициналық ұйымдар бар.

Жалпы елімізде 1 тамыздан бастап біртіндеп жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетілуде. Бірінші кезекте республикалық деңгейдегі мамандандырылған емханалар науқастарды қабылдай бастады. Одан кейін ауруханаға жатқызуды облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді емханалар қолға алды. Айта кетуіміз керек, бұл емханалар коронавирусқа қарсы іс-шараларға пайдаланылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу