ШҚО-да 73 жастағы тұрғын алғаш рет куәлік алды

465

Зейнеткер бұған дейін КСРО паспортымен жүрген.

ШҚО-да 73 жастағы тұрғын алғаш рет куәлік алды Фото: Polisia.kz

ШҚО-ның 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге ШҚО Глубокое полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектескен.

Оның жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтқан. 

Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетіп, ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы алып, маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу