ШҚО-да 8 жасар баланы ит қауып алды

565

Иттің иесіне айыппұл салынды. 

ШҚО-да 8 жасар баланы ит қауып алды Фото: freepik

Шығыс Қазақстанда 8 жасар баланы ит қауып алды. Белгілі болғандай көршісінің иті балаға атылып, арқасынан тістеген. Абырой болғанда, жасөспірім аман қалды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған.

Оқыс оқиға Алтай ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, иесі қақпа есігін ашық қалдырған. Салдарынан ит сыртқа шығып кеткен. Сол жерде бала жалғыз өзі ойнап жүрген.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, иттің иесіне айыппұл салынған.

- Аталған факті бойынша жануар иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу