ШҚО-да 84 адамды алдаған тур-фирма директорына қатысты сот отырысы өтті

1052

Тур-оператор директорының қорғаушылары аппеляциялық шағым түсірді.

ШҚО-да 84 адамды алдаған тур-фирма директорына қатысты сот отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысында туристік операторға алданған 84 адам екі жылдан бері қаржыларын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды24.kz.

2018 жылы жазда шет елге арзан жолдама ұсынатындарын айтып жар салған туристік оператор бастапқыда 40 миллион теңгенің жолдамасын сатқан соң, жұмысын тоқтатқан. Алайда бірде-бір адам шетелге бармаған. Ұзақ тергеуден соң тур-оператордың директорына алаяқ деген айып тағылып, ол былтыр 4 жылға сотталды. Өскеменде сол қаржылық дауға қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Алданып қалғанын білген туристердің бір бөлігі былтыр құқық қорғау органдарына шағым түсіреді. Сол арыз бойынша Өскемен қаласы полиция басқармасы туристік оператордың директорына қатысты қылмыстық іс қозғайды. Өскемен қаласының нөмірі екінші соты 30 томдық қылмыстық істі саралай келе, тур-фирманың директорының әрекетін алаяқтық деп танып, былтыр 4 жылға бас бостандығын шектейді. Бірақ тур-оператор директорының қорғаушылары қайтадан аппеляциялық шағым түсірді.

"Бүгінгі күні өзі қамауда отырса да, оның отбасы 1 млн 600 мың теңгені өтеп отыр. Қамап тастағанан еш пайда жоқ. Шықса, жәбірленушілерге келген залалды ертерек өтейді",– дейді адвокат Клара Нұрқасова.

Туристік саланың сарапшысы Мария Руснаның айтуынша, тур-операторлар шет елге жолдама ұсынғанда сақтандыру құжатын міндетті түрде беруге тиіс. Ал сақтандыру жоқ болса, ол жолдама күмәнді.

"Ол тур фирманың сатқан жолдамалардың көбінде ресми келісімшарт болмаған. Ал келісім жасаған туристердің қолындағы құжат Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен ережеге мүлде сай келмейді. Осының өзі үлкен күмән тудырады",– дейді туристік сала сарапшысы Мария Русина.

Тур-операторға қатысты сот ісі ұзаққа созылатын түрі бар. Келесі тыңдау алдағы қаңтардың сегізінде өтеді. Бірінші сатыда 4 жылға сотталған тур-оператор директорының тағдыры сол кезде шешілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу