ШҚО-да 9 мамырда ардагерлерге 532 млн теңге төленеді

483

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың 17 ардагері тұрады.

ШҚО-да 9 мамырда ардагерлерге 532 млн теңге төленеді Фото: Ак Жайык

ҰОС ардагерлеріне мерекеге орай мемлекеттен 25,5 млн теңге төленеді. Бір адам басына 1,5 млн теңгеден келеді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

“ШҚО-да наградалары бар 113 тыл еңбеккері тұрады. Оларға жалпы сомасы 11,4 млн теңге 100 мың теңгеден төленеді. Тағы 5601 адам-марапатталмаған тыл еңбеккерлері болып саналады. Жеңіс күніне оларға 50 мың теңгеден, жалпы сомасы 280 млн теңгеден қарастырылған", - деп толықтырды спикер.

Бұдан басқа, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 2153 адам жалпы сомасы 215 млн теңге (100 мың теңгеден) алады.

Жоғарыдағылардың барлығына - 7884 адамға жалпы сомасы 532 млн теңге беріледі. 

Оның айтуынша, 9 мамырға орайластырылған мереке қарсаңында Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында ардагерлерді құрметтеу, оларға әлеуметтік көмек көрсету сынды түрлі іс-шаралар көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу