ШҚО-да 951 гектар жерге көшет отырғызылды

957

Биыл ШҚО-да 16 гектар аумақтағы орман өртенген.  

ШҚО-да 951 гектар жерге көшет отырғызылды

Жыл басынан бері өңір ормандарында 19 өрт жағдайы тіркеліпті, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың айтуынша, бір өрттің орташа ауданы 2,7 гектарды құрапты. Жанған ағаштардың орнын толтыру мақсатында 951 гектар жерге көшет отырғызылған.

"Мемлекеттік орман қорының аумағындағы қалпына келтіру жұмыстары жалғаса береді. Арнайы жоспарымыз бар", – деді Мұрат Құсайынов.

Атап өтерлігі, 15 жылда алғашқы рет орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қомақты қаражат бөліне бастады. 2017 жылы 701 миллион теңге техника алуға, атап айтсақ  –13 өрт сөндіру көлігін, 13 – жол талғамайтын тракторды, 7 – дөңгелекті тракторды, 4  патруль автокөлігін алуға жұмсалыпты. Биыл 140 миллион теңгеге өрт сөндіру машинасы және түрлі өртке қарсы құрылғылар алынған.

"Облыстағы орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникамен жарақталуы қазіргі кезде норманың 63 пайызын құрап отыр. 2017 жылдың басында 49 пайыз болатын. Көрсеткішті 80 пайызға жеткізу үшін қосымша тағы 660 миллион теңге қажет. Орташа республикалық деңгей 78 пайыз екенін еске салғым келеді", – деді жағдайды баяндаған Мұрат Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу