ШҚО-да ақсақалдар бата беруден жарысты

1223

ШҚО-да ақсақалдар бата беруден жарысты

Асыл мұра – ақ бата. Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысында ақсақалдар арасында бата беруден байқау өтті, деп хабарлайды 24.kz.

"Рухни жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен мәдени шараға 43 пен 85 жас аралығындағы батагөй 22 кісі қатысты. Бұл байқау әуелі әрбір ауданда ұйымдастырылған. Ірікітеліп шыққан ақсақалдар облыстық байқауда үш кезең бойынша сынға түсті. Әрқайсысы түрлі той және тәуелсіздік мерекесі мен еркін тақырыптар бойынша бата жасады. Негізгі мақсат - батаның мағынасы мен мазмұнын жас ұрпаққа ұғындыру. Облыстық ардагерлер кеңесі болашақта енді мақал-мәтел және термешілер сайысын өткізуді жоспарлап отыр.

"Рухани жаңғыру шығыс өңірінде жалғасады. Міне наурыз айына белгіленіп отыр. Мақал-мәтелдер жөнінен әр ауданда, әр қалада дидактикалық жанр, қазақ фольклоры бойынша осындай шаралар өтеді", - дейді қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағынбек Аханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу