ШҚО-да алимент төлемеген әкелер жазаланды

1223

ШҚО-да алимент төлемеген әкелер жазаланды

Шығыс Қазақстан облысында алимент төлеу мәселесі прокуратура бақылауында. Қарыздың сомасын төмендету мақсатында борышкерлермен түсіндіру және шектеу сипатындағы жан-жақты жұмыс жүргізілуде.  Нәтижесінде бүгінде 3,5 мың балаға алимент төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде облыстың барлық аумақтарында алимент төлемейтін әкелермен күресу үшін жұмыс топтары құрылған. Оның құрамына құқық қорғау, прокуратура органдарының қызметкерлері, сот орындаушылары мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.

Осы жылы бірлескен жұмыс пен қолданылған шаралардың арқасында жалпы сомасы 130 млн теңге көлемінде берешек өндірілді. 3,5 мың бала өздерінің ата-аналарынан ай сайын заңды төлемдерді алуда. Сонымен қатар алимент төлеуден қасақана жалтарғандарға қатысты қатаң шаралар қолданылды.

"Биылғы жылдың басынан бері  кәмелетке толмағандарды асырау міндеттерін орындамағаны үшін 116 борышкер әке әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 107 -і қамауға алынып, 9 - ына айыппұл салынған. 29 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 22 тұлғаға қатысты бас бостандығынан шектеу түрінде жаза қолданылып, жәбірленушілермен татуласуына байланысты 7 борышкерге қатысты іс тоқтатылды", - деді  ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу