ШҚО-да алимент төлеуге қатысты 14 мыңнан астам іс қаралды

413

Бұл туралы Әділет министрінің Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығымен және халқымен кездесуі барысында белгілі болды. 

ШҚО-да алимент төлеуге қатысты 14 мыңнан астам іс қаралды Фото: inbusiness.kz

"Шығыс Қазақстан облысында алимент төлеуге қатысты 14 мыңнан астам іс қаралды. Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 139 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ішкі істер органдарына оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 77 ұсыным жіберілді, республикадан шығуға 54 уақытша тыйым салынды. Борышкердің тұрақты табысы мен мүлкі болмағандықтан, алимент өндіріп алу жүзеге асырылмайды. Осыған байланысты аумақтық әділет бөлімшелері әкімдіктермен бірлесіп, оларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдауда. Бірақ, жекелеген борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктерге ие бола отырып, өз балаларын асыраудан әдейі жалтарып, кірістері мен мүлкін жасыратын жағдайлар да бар", - деп атап өтті Әділет министрі.

Азамат Есқараев әділет органдарының 12 бағытын цифрландыруды көздейтін Digital Justice – Цифрлық әділет жобасын іске асыруға жеке тоқталды.

"Ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап азаматтарға бейнеқоңырау арқылы онлайн форматта "Цифрлық нотариаттық сенімхаттарды" рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды. Қазірдің өзінде 3836 сенімхат берілді. Мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттардың барлық түрлері азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.

Енді азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты заңды сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез- келген сұраққа жауап береді, бұл уақытты үнемдеуге және ыңғайлы уақытта - 1 АЕК бағаға сенімді ақпарат алуға көмектеседі", - деді Азамат Есқараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу