ШҚО-дағы Бесқарағай ауданында құны 250 миллион теңгені құрайтын шипажай кешені салынбақ. Шетелдіктердің қызығушылығын оятқан бұл нысан Шошқалы көлінің жағасында бой көтермек, деп хабарлайды altaynews.kz.
Шошқалы көлінің суы құрамы жағынан Израильдегі Өлі теңіздің суымен тең екенін айта кеткен орынды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллиннің айтуынша, туристік саланы дамыту шеңберінде аудан көлемінде ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.
"Шошқалы көлінің суы құрамы жағынан Израильдегі Өлі теңіздің суымен тең екенін айта кеткен орынды. Жалпы, біздің ауданда емдік-сауықтыру туризмінің дамуына баса назар аударылуда. Бүгінде Бесқарағайда құны 250 миллион теңгені құрайтын "Екі дос" шипажай кешені салынуда. Қазір бұл нысандағы құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуық бөлігі аяқталды. Аталмыш шипажайда марал қанымен емдеу кешені, киіз үй қалашығы, 300 орындық мейрамхана, 120 орындық қонақүй бой көтереді деп жоспарлануда", - дейді Е.Рахметуллин.