ШҚО-да әткеншек аударылып, бес бала зардап шекті

1828

Семейде балалар демалатын ойын-сауық  орындарын тексеру комиссиясы құрылды.  

ШҚО-да әткеншек аударылып, бес бала зардап шекті Фото: yk.kz

Семей қаласында Ертіс өзенінің жағалауында әткеншек аударылып, бес бала зардап шекті, тағы бір бала жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды yk.kz.

Зардап шеккен балаларды жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен, кейін олардың үйлеріне жіберілгені белгілі болды. 

Әткеншектің жеке кәсіпкерге тиесілі. Қазір оқиғаның орын алу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар балаларды батуттар мен әткеншектерге жібергенде, қауіпсіздік техникасына мән беру керектігін ескертеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу