ШҚО-да ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен

719

1 наурыз күні бұрқасын жел мен боран салдарынан облыс жолдарында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен

Соңғы тәулікте облыс трассаларында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол-көлік оқиғасы көбейіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні бұрқасын жел мен боран салдарынан облыс жолдарында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі екі ірі қалада тіркелді. 1 наурыздағы мәлімет бойынша,Өскемен қаласынды – 29, Семей қаласында – 9 оқиға тіркелген", – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері күніне орта есеппен ірілі-ұсақты 30-35 жол-көлік оқиғасы тіркелетінін, ал соңғы күндері жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын жел салдарынан көбейіп келе жатқанын айтып, тұрғындарды абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу