ШҚО-да аудан әкімдіктерінің төрт қызметкеріне айыппұл салынды

419

Әкімшілік хаттамалар Тарбағатай, Самара, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жасалды.

ШҚО-да аудан әкімдіктерінің төрт қызметкеріне айыппұл салынды

Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 035 000 теңгені құрайды", - деп хабарлады ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Өткен жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Сондай-ақ, үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді.  

ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу