ШҚО-да аурухананың лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырған

1448

Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасының лауазымды тұлғалары "бюджет қаражатын жымқырған" және COVID-19-ға бөлінген қаражатты "провизорлық стационарға іс жүзінде кірмеген қызметкерлерге есептеп берген".  

ШҚО-да аурухананың лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырған

Бұл туралы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы және облыс ауруханаларының бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен онлайн-кеңесте айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ерлан Жалмағамбеттің айтуы бойынша, аталмыш аурухананың лауазымды тұлғалары іссапар шығындары мен аурухана қызметкерлеріне сыйлықақы төлемдерін негізсіз есептеген. Мемлекетке 4,9 млн. теңгеден астам залал келтірген. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында COVID-19-ға бөлінген қаражатты провизорлық стационарға іс жүзінде кірмеген қызметкерлерге жалақыға үстемеақы ретінде есептеп бергені белгілі болды. Жалпы сома – 367 920 теңге.

"Мұндай фактілерді болдырмау үшін облыстың денсаулық сақтау басқармасына бағынысты мекемелеріне ішкі аудит қызметкерлерін тарта отырып тұрақты тексеру жүргізуді және короновирусқа қарсы күреске бөлінген қаражаттың дұрыс есептелмеуі бойынша тиісті шаралар қолдануды ұсынамын", – деді Ерлан Жалмағамбет.

Антикор ақпараты бойынша, қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Сот үкім шығарады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу