"Браконьер" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында Алтай қаласының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатқан.
66 жастағы ер адамның көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша, еліктің етін байқаған.
Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ мылтығы тәркіленген.
ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу