ШҚО-да автобус пен жүк көлігі соқтығысты

1008

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлікте 53 жолаушы отырған, оның 46-сы – бала.

ШҚО-да автобус пен жүк көлігі соқтығысты

 Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 8 бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем жол апатына тап болғандардың барлығын тексеру үшін ауруханаға апара жатыр", – дейді ШҚО әкімдігінің қызметкерлері.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көлікте 53 жолаушы отырған, оның 46-сы – бала.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Шығыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы "Өскемен-Шемонаиха" тасжолында болған. Балалар спорт жарысына қатысу үшін автобуспен облыс орталығынан Шемонаиха ауданына бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу