ШҚО-да бал өнімдері қажетті мөлшерден бес есе көп өндіріледі

1423

Аймақ басшысы халық алдында берген есебінде осылай деді.

ШҚО-да бал өнімдері қажетті мөлшерден бес есе көп өндіріледі

Шығыс Қазақстанда бірқатар ауыл шаруашылық өнімі жергілікті халықтың сұранысынан бірнеше есе көп өндіріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Бал өнімдері жергілікті қажеттілік мөлшерінен бес есе, мал еті екі есе, қарақұмық үш есе, картоп төрт есе, күнбағыс майы 10 есе, ұн 22 есе көп өндіріледі. Бұл салада әлі де әлеуетіміз орасан. Соңғы жылдары осынша мол өнімді Қытай нарығына аса тиімді бағамен өткізу үшін үлкен жоба жүзеге асып жатыр. Ол – Қытай стандарттары бойынша сертификаттайтын зертхана", – деді облыстың әкімі.

Қытай стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана биылғы жыл соңына дейін ашылады деп күтілуде. Оны қажетті зертханалық қондырғылармен жабдықтау үшін Қытай тарапы 1 млрд теңгенің құралын ақысыз негізде ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу