ШҚО-да баласына алимент төлемеген ер адам түрмеге қамалды

120

Сот ісі Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ШҚО-да баласына алимент төлемеген ер адам түрмеге қамалды Фото: canva

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында баласына алимент төлемей келген ер адам сотталды.

– Ер адамға өткен жылы ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген. Алайда оның дұрыс жолға түспегені анықталды. Жазасын өтеу кезінде ол бірнеше рет белгіленген тәртіпті бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеуді жалғастырған, – деп хабарлады Ұлан аудандық прокуратурасынан. 

Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сотталған азамат қалған жаза мерзімін, яғни 1 жыл 4 айын түрмеде өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу