ШҚО-да бір миллион гектардан астам жер бос жатыр

1105

Иелері көшіп немесе қайтыс болып кеткендіктен қараусыз қалған учаскелер бүкіл облыс аумағында бар. 

ШҚО-да бір миллион гектардан астам жер бос жатыр

Шығыс Қазақстан облысында 1 млн гектардан астам ауылшаруашылығы жерінің бос жатқаны анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның координациялық кеңесі отырысында айтылды.

Прокурорлардың айтуынша, Аягөз ауданының Малгелді ауылдық округінде 56 мың гектар жерге ие 10 шаруа қожалығы ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Тарбағатай ауданында 240 аданың қайтыс болып немесе көшіп кетуіне байланысты 34 мың гектар жер бос жатқан.

Сондай-ақ инфрақұрылымның жоқтығынан игерілмеген тұрғын үйге берілген жерлер де бар. Мысалы, Риддер, Зайсан қалаларында 132, Өскеменде 6 мың учаскенің 4 мыңы игерілмеген. Бұл ретте инфрақұрылымды қалыптастыру жергілікті органдарға жүктелгенін айта кету керек.

Өскемен, Семей, Риддерде тұрғындардың өз бетінше үй салу оқиғалары да кездескен.

Прокуратура қызметкерлері жерде тиімді басқару тұрақты бақылауда екенін атап кетті. Қолданылмаған жерді анықтап, қайтарып алу үшін Жол картасы жасалған.

"Соңғы екі жылда мемлекетке құны 4 миллиард теңге болатын 261 мың гектар жер қайтарылды. Игерілмеген ауылшаруашылығы жерлеріне салық салу мәселесі шешілді. Бұған жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту механизмі де жасалды. Сондай-ақ пайдаланылмаған жерді сот арқылы қайтару тәжірибесі де енгізілді",– дейді облыстық прокуратурада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу