Жексенбі күні Күршімнің Боран ауылында бір үйдің үш адамы суға кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Ауылдың 36 жастағы имамының 8 жастағы ұлы Қара Ертіске шомылып жүріп, өзен ағысына төтеп бере алмай қалған. Жағада тұрған әкесі ұлын құтмармақ болып жанұшыра суға секіреді. Алайда асау өзен екеуін де ала жөнелген. Сол үйдің 19 жастағы ұлы да көмекке келмек болып өзенге секіргенімен, араша бола алмай өзі де көз жұмған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға қас-қағым сәттің ішінде болған. Қазір жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар имам мен оның ұлдарының денесін іздеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу