ШҚО-да бір тәулікте екі көлік өртеніп кетті

796

Өртте сөндіруге ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған.

ШҚО-да бір тәулікте екі көлік өртеніп кетті

Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.

Риддер қаласында 6 қыркүйек таңертең Қонаев көшесінде автотұрақта "Фольксваген" шағын автобусы тұтанды. Көліктің қозғалтқышы, салоны мен кузовы жанған. ТЖД қызметкерлері өртті жарты сағаттан аз уақытта өшірген. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Екінші оқиға бүгін түнде Семейде болған. Мұхамедханов-Абай көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан "Тойота Камри" көлігі өртенген. Өрт жалыны көліктің мотор бөлігі мен салонын шарпыған. Аумағы 3 шаршы метрді құраған. Өртсөндірушілер 20 минуттың ішінде сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу