ШҚО-да бір түнде 549 адам жолда қалды

786

Республикалық маңыздағы 8 жолда қозғалыс жабық.

ШҚО-да бір түнде 549 адам жолда қалды

Шығыс Қазақстан облысында 28-29 қаңтар күндері дауылды ескерту жарияланған болатын. Төтенше жағдай қызметі қанша жерден ескертсе де, тәуекелге барып, жолға шыққандар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. 

"Құтқарушылар мен полиция өкілдері 218 адамды қауіпсіз жерге шығарып, 70 адамды құтқарды. Оның 11-і бала. Кеше кешке барлық бағыттағы жолдар жабылған болатын. Соған қарамастан, 102 жеңіл көлік, 3 автобус, 13 жүк көлігі жолда қалды. Жалпы 549 адам уақытша панаға жеткізілді. Құтқару жұмыстарына 109 адам, 48 арнайы техника қатысты. Қазір жолдарды қардан тазарту жұмыстарына 403 жол техникасы жұмылдырылған", – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу