Өскемендік мамандандырылған құтқарушылар тобы Глубокое ауданының Прогресс ауылында 25 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратына сүйенсек, тұрғындардың бір бөлігі туыстарын, бір бөлігі мектеп ғимаратын паналаған. Құтқарушылар адамнан бөлек 10 бас ірі қара мен 20 бас ұсақ малды судан құтқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу