ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ "Семей-РФ шекарасы" тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін "Семей-Курчатов" тасжолының 4-130 шақырымы және "Семей-Қарауыл" тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.